Қоғам • 18 Шілде, 2024

XXI ғасырдың үздік 100 кітабы жарияланды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та XXI ғасырдың ең үздік 100 кітабы анықталды. Бұл тізімді америкалық The New York Times газеті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

XXI ғасырдың үздік 100 кітабы жарияланды

Фото: freepik.com

Беделді басылымның хабарлауынша, италияндық жазушы Елена Феррантенің «Менің тамаша досым» романы көш бастады. Екінші орында Пулитцер сыйлығының иегері Изабель Уилкерсонның  «Басқа күндердің жылуы» кітабы тұр. Үздік үштікті британдық жазушы Хилари Мантелдің «Вольфхолл» тарихи романы аяқтады.

Айта кетейік, рейтингті жасау үшін журналистер Стивен Кинг, Джон Ирвинг, Сара Джессика Паркер сияқты 500-ден астам танымал жазушы мен әдебиеттанушыға сауалнама жүргізген.

Кітаптардың толық тізімін басылымның сайтынан табуға болады.