Оқиға • 18 Шілде, 2024

Биыл 47 мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі бірінші жартыжылдықты қорытындылап, атқарылған жұмыс бойынша ақпарат берді. Биыл көші-қон режимін бұзған 47 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 47 мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

Фото: Polisia.kz

Алты мың шетелдік елден шығарылды, енді олар бес жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды. 6,5 мың азаматтың елімізде болу мерзімі алдын ала қысқартылды.

Одан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан екі мың жұмыс берушіге айыппұл салынған. Сондай-ақ елімізде тұрақты түрде тұратын шетелдіктер арасында екі мың тәртіп бұзушы анықталды.