Қоғам • 18 Шілде, 2024

Желіде құмар ойын ойнағандар 7 млн теңге айыппұл арқалады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде құмар ойын ойнағандар 7 млн теңге айыппұл арқалады

Фото:masterinvest.info

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік желілерде (Instagram, TikTok) заңсыз лотереяларға қарсы күрес жұмыстары жүріп жатыр. Заңнамаға сәйкес лотереяларды өткізуге айрықша құқық тек лотерея операторы мен оның агенттеріне тиесілі.

Заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін 400 мыңнан 3,7 миллион теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

«Бүгінгі таңда 16 азамат 7 млн ​​теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді Мирас Төлебаев.

Айта кетерлігі, соттың қарауына құқық бұзушылық туралы 30 хаттама жолданған, сондай-ақ тағы 35 факт бойынша тиісті материалдар жиналып жатыр.

Вице-министр Төлебаевтың айтуынша, онлайн-казинолар мен заңсыз бәс тігу сайттарын ұйымдастырушыларды анықтау жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда осындай 15 ресурстың үш ұйымдастырушысы анықталған. Іс материалдары Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментіне жіберілген.