Медицина • 18 Шілде, 2024

Астанада көкжөтел жұқтыру дерегі 81 есе өскен

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова осы жылдың 6 айындағы эпидемиологиялық жағдай туралы сандық деректерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада көкжөтел жұқтыру дерегі 81 есе өскен

Фото: gorzdrav.org

Сархат Бейсенованың мәліметінше, 11 дерт бойынша сырқаттану төмендеп, 7 ауру түріне шалдығу өскен.

«11 нозология бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, КВИ 12 есе, энтеровирустық инфекция 9,3 есе, серозды менингит 3 есе, ЖРВИ 2 есе, В вирустық гепатитінің жіті түрі 43%-ға төмендеді. Сондай-ақ скарлатина, В және С вирустық гепатитінің созылмалы түрлері, сальмонеллез, тұмау, дизентерия секілді дерттердің азайғаны байқалды», деді Сархат Бейсенова.

Қаланың бас санитары көкжөтел мен қызылшамен сырқаттану деректері едәуір артқанын қоса айтты.

«Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, 7 нозология бойынша сырқаттанушылықтың өсуі байқалып отыр. Мысалы, көкжөтел 81 есе, қызылша 12 есе, паротит 3 есе, вирустық А гепатиті 1,5 есе, ротавирустық инфекция 17%, жедел ішек инфекциясы 13,9% және туберкулез 11% өсті», деді Сархат Бейсенова.