Елорда • Бүгін, 09:12

Елордада жаңа автобус бағдары іске қосылады

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 шілдеден бастап Астана қаласында № 63 жаңа автобус бағыты іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жаңа автобус бағдары іске қосылады

Фото: CTS баспасөз қызметі

Қалалық көлік жүйелерінің хабарлауынша, №63 бағыт «Теміржол вокзалы» – Жағалау (Ә. Бөкейхан ат. Binom мектебі) қатынасымен жүреді. Ол Агротехникалық және Медициналық университеттері, «Сарыарка», «Keruencity» CОО, «Астаналық» базары, «Тұлпар», «Шапағат», «Асем» және «Сарыарка» сауда үйлері арқылы өтеді.

1

Айта кетейк, аталған бағытқа қызмет көрсету үшін қатынау жиілігі 10-15 минут болатын 10 автобус бөлінген.