Қазақстан • 19 Шілде, 2024

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Biz Birgemiz Qazaqstan» отандық қоғамдық қоры селден зардап шеккен көршілес елге 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

Фото: видеодан алынған кадр

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдегендей, 19 шілде күні таңертең жүк көліктері шекарадан өтіп, Ош облысына бет алады. Гуманитарлық көмек құрамында азық-түлік, ең қажетті тауарлар мен гигиеналық заттар бар.

Естеріңізге салайық, 14 шілдеде Ош облысында болған сұрапыл сел салдарынан 5 адам көз жұмды. Мады, Датка, Баш-Булак елді мекендерінде тұрғын үйлер және мекемелердің ғимараттары су астында қалып, зардап шеккен.