Фото:inform.kz
«Баланың анасы жұмыс істеу мақсатында күтушінің қызметтеріне жүгінген. Ал күтушінің 38 жастағы күйеуі төрт ай бойы балаға зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Кейін оны бірнеше рет ұрып, мерт қылған. Артынша баланың мәйітін сөмкеге салып, көшедегі әжетханалардың біріне лақтырып жіберген», деп түсіндірді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілдері.
Баланың мәйіті 2023 жылғы қыркүйек айында Семей маңындағы тас жол бойындағы дәретханадан табылды.
Сотталушы 9 жасар туған қызына да жыныстық сипаттағы азғындық жасағаны анықталды.
Сот айыпталушыны барлық қылмыс бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Ал оның әйелі балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 2,5 жылға сотталды.