Спорт • 19 Шілде, 2024

Еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландта еркін күрестен Азия чемпионаты (U15) мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды

Фото: kazwrestling_official

Қазақ балуандары 1 алтын, 2 күміс, 5 қола, барлығы 8 медальді қаңжығасына байлады.

Күрес федерациясынан мәлім болғандай, олар: 

  • 38 келі - Бақдаулет Ағабек  - 2 орын;
  • 41 келі - Тамерлан Ашенов - 2 орын;
  • 48 келі - Мұхамбетәлі Сағынбай - 3 орын;
  • 52 келі - Азамат Байдәулет - 3 орын;
  • 57 келі - Қуаныш Жақсылық  - 3 орын;
  • 62 келі - Замир  Данияр - 3 орын;
  • 75 келі - Әділбек Ерболатов - 1орын;
  • 85 келі - Нұрислам Айтуған - 3 орын.
Соңғы жаңалықтар