Фото: Gov.kz
Іс Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша қаралған. Қайтарылған мүліктің жалпы құны - 1,2 млрд теңге.
«17.07.2024 жылы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.
Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендетіп көрсетілгені анықталды», делінген прокуратура хабарламасында.
Айта кетейік, әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне А.Мұхамедиұлымен үлестес тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.