Елорда • Бүгін, 15:12

Елордада Мәңгілік ел даңғылындағы жол айрығы жабылады

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 19 - 30 шілде аралығында Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Мәңгілік ел даңғылындағы жол айрығы жабылады

Фото: kursiv.media

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, Арқар көпірінен Марал көпіріне дейінгі жол айрығының оң жақ съезінде және Мәңгілік ел даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі сол жақ съезінде жол төсемін жөндеу және гидрооқшаулау қабатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.

 1