Туристік тартымдылықты арттыру, ресми және қалалық іс-шараларды өткізу кезінде бірыңғай стильді қалыптастыру, қаланың ашық кеңістігінде, кәдесый өнімдерін, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді пайдалану мақсатында Павлодар қаласының әкімдігімен логотип пен дескрипторды қамтитын «Ерке Ертістің жағасында...» фирмалық стиль әзірленді.
«Жаңа графикалық көрінісі көптеген тарихи және идеологиялық мағынаны біріктірді. Логотиптегі таңба толығымен «PVL» аббревиатурасынан жасалған. Аббревиатура түркі жазуына, «Өлеңті жазбалары» петроглифтеріне, «Қошқар мүйіз» қазақ ұлттық ою-өрнегіне және «Қазқонақ» палеонтологиялық ескерткішіне негізделген. Қысқа әрі минималистік шрифт таңдалды. Логотиптің көрнекті бөлігін кереметтей толықтырып тұрған жүрек тәрізді элемент және ол оған өзіндік ерекшелік беріп, өз қаласына деген сүйіспеншілікті білдіреді. Қаламыздың Қимақ қағанатынан бүгінге дейінгі даму тарихы Ертіс өзенімен тығыз байланысты. Ертіс – табиғи шоғырландырушы идея, түрлі тарихи дәуірдің үнсіз куәгері. Барлық ұрпақ буынын шоғырландыру және қаланың оң көрінісін беру мақсатында «Ерке Ертістің жағасында...» дескрипторы ұсынылды», деп хабарлады Павлодар қаласының әкімдігінен.
Түс гаммасы негізгі түстердің үйлесімді және минималистік үйлесімінде келтірілген: көк, жусан, қызғылт сары-құм және көгілдір. Бұл – аспанның, Қазақстан туының, Ертіс – Баян даласының және Ертіс суларының түстері.
Фирмалық стиль идеясы бай тарихи жолды, мәдени әралуандылықты, ашықтық пен қонақжайлылықты, табиғаттың бірегейлігін «Тарих-Жаңғыру-Өрлеу» жалпы лейтмотивімен көрсетуге тырысқан.
ПАВЛОДАР