Саясат • 20 Шілде, 2024

Тасқыннан кейінгі тірлік

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Әлі­бек Нәутиев пен Сағын­дық Лұқпанов Атырау облы­сындағы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су тасқы­нынан зардап шек­кен тұр­ғындармен кездесіп, таби­ғат апатының салдарын жою жұмыс­тары­мен танысты.

Тасқыннан кейінгі тірлік

Фото: Almaty.tv

Депутаттар жергілікті атқарушы органдардың зардап шеккен тұр­ғын­дардың мәселелерін шешу жө­нінде жүргізіп жатқан жұмысы тура­лы хабардар болды. Қазіргі уа­қыт­та халықтың 60 пайызға жуы­ғы ақшалай өтемақы алды. 1367 тұр­ғын­­­ның жеке шотына тұрғын үй сатып алуға қаржы түскені туралы айтылды.

Олар Құлсары қаласын­дағы «Болашақ» шағын ауданында зардап шеккендерге салынып жатқан 100 тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Бұл құрылысына жергілікті 8 мердігер ұйым жұмылдырылды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 61 үйдің іргетасын құю аяқталды, 42 үйдің қабырғасы қаланып, 15 үй­­дің шатырын жаба бас­тады.