Фото: Видеоскрин
Polisia.kz-тің хабарлауынша ол екі адамды гаджетсіз қалдырып, бір баланың ұялы телефонын иемденіп кеткен. Полиция оны мас күйінде кезекті ұрлығын жасау барысында ұстаған.
Телефондар заңды иелеріне қайтарылды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Полицейлер қалта ұрлығы адамдар көп жиналатын жерлерде жасалатынын ескертеді.