Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ол Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанова.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінде: «ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсырып, 90 балл жинады. Сонымен қатар ол «Ағылшын тілі» пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынды. Ережелерге сәйкес, IELTS балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш беріп, сертификаттың растығы анықталған соң ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қазіргі уақытта Айым Ержанова 140 балдың екінші иегері атанды және конкурсқа ең жоғары балмен қатысады», делінген.
Сонымен қатар, IELTS халықаралық сертификатындағы балдарды ауыстыруды есепке алғанда Мардан Күншығаров (Қосшы қаласы) 139 балл иеленді.