Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше қаладағы Ақжар-1 ауылы маңындағы айналма жолмен жүріп келе жатқан көлік жүргізушісі велосипедке соқтығысқан. Велосипедтегі 25 және 26 жастағы екі жігіт қайтыс болған.
Хабарламада: «Қылмыстық іс қозғалды. «Kia» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қамауға алынды. Ол Ақтөбе қаласының тумасы», делінген.