Олимпиада • Бүгін, 16:25

Олимпиада-2024: Билет сатылымы бойынша рекорд орнады

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиада-2024: Билет сатылымы бойынша рекорд орнады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

«8,8 миллионнан астам билет сатылды. Бұл – керемет сан, Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші», дейді ол.

Мұндай сатылымдар рекорд ретінде саналады, бұған дейін ең көп билет 1996 жылы Атланта Олимпиадасы ойындарына (8,3 млн билет) сатылған екен.  

Еске салайық, биылғы жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан сапынан 80 спортшы қатысады.