Қоғам • 24 Шілде, 2024

Zoom-ның баламасы

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бізде Zoom-ның баламасы бар. Видео-конференцияларға арналған отан­дық «Qosyl» қосымшасы мемле­кеттік органдарда тестілеуден өткізілген-тұғын.

Zoom-ның баламасы

Отандық өнімнің ерекшелігі – уақыт жағынан шектеу жоқ. Бағдарламаны бейімдеп, білім беру ісінде де қолдануға болады. «Жүйе тек ел аумағындағы серверлерде қолдану үшін қарастырылғандықтан, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасудың алдын алады. Оның үстіне «Qosyl» ақ­па­раттық қауіпсіздікті талап ететін бар­лық тексерістерден сүрінбей өтті. Жүйе бейнежиналыс өткізу үшін қажет барлық функционалдық мүмкіндіктерге ие», деді «Qosyl» жобасының жетекшісі Нурислам Исаков.