Саясат • 24 Шілде, 2024

Әйел құқын қорғау мәселесі талқыланды

83 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ислам ынтымақтастық ұйымы Әйелдерді дамыту ұйымының атқарушы директоры, доктор Афнан әл-Шуайбимен кездесті. Кездесуде гендерлік теңдік мәселелері талқыланып, отбасылық және гендерлік саясат саласында тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды.

Әйел құқын қорғау мәселесі талқыланды

Министр біздің ел көп этнос­ты әрі көпконфессиялы мемлекет болғандықтан, бейбітшілік, толеранттылық және кемсі­ту­шілікке жол бермеу саясатын ұста­натынын атап өтті.

– Президент мемлекеттік сая­саттың басымдықтарының бірі саналатын гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған жұмыс­тарға ұдайы қолдау көрсетеді және оған көп көңіл бөледі. Бұ­ған маңызды дәлел ретінде ген­дер­лік алшақтық индексі бойын­ша халықаралық рейтингте Қазақ­стан 2023 жылы 146 елдің арасында 62 орынға ие болғанын атап өтуге болады, – деді Аида Балаева.

Аида Ғалымқызы Пре­­зи­­дент жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демог­р­а­фиялық сая­сат жөнін­дегі ұлттық комис­сия­ның қызме­тіне, сондай-ақ отбасылық және гендерлік сая­сат­ты зерттеу орталығының жұмы­сына тоқталды. Гендерлік саясат мәселелерімен айналысатын 500-ден астам ҮЕҰ және 70-ке жуық ҮЕҰ-ны біріктіретін әйелдер көшбасшылығы мектептерінің ұлттық желісі маңызды рөл атқа­рады. Еліміздің барлық өңірінде «Әйел саясаткерлер клубы» және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары жұмыс істейді.

Доктор Афнан әл-Шуайби еліміздің отбасылық-тұрмыс­тық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі жетістіктеріне ерекше тоқталып, Орталық Азия елдері арасында Қазақстан осы салада көшбасшы орынға ие екенін атап өтті.

Тараптар сондай-ақ халық­аралық алаңдарды да қоса алған­да, Қазақстан мен ИЫҰ әйелдер ұйымының өзара байланыс перспективаларын талқылады. Кездесу соңында қатысушылар әйелдер құқығын қорғаудың негізгі мәселелері бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге және пікір алмасуға ниет білдірді.