Фото: Pixabay
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 1 қалалық аурухананың маңында киімсіз әйелдің мәйіті жатқаны туралы ақпарат пайда болды.
«Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар белгіленеді», деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.