Балалардың жарақаттануы назар аударуды қажет ететін зор мәселе. Жарақаттар – балалардың денсаулығына зақым келтіретіні және оларға эмоциялық тұрғыда да зиянды әсер ететіні мәлім. Балалардың жарақат алып қалуының негізгі себептері – жол-көлік апаттарынан, ойын алаңдарында болатын оқыс жағдайлардан, үйде, суда болатын жайттардан және кейде спортпен шұғылдану мезеттерінде болады.
«Балам» сақтандыру бағдарламасы – баланың жарақат алған жағдайда сапалы медициналық көмек, күтім-сауықтыруға қажетті қаржылық көмек алуын қамтамасыз ететін ерікті сақтандыру полисі.
Аталған полисті кез келген ата-ана HalykLife мобильді қосымшасында рәсімдей алады. Төлемдер 3 жұмыс күні ішінде төленеді.
Бағдарламаның артықшылығы – баланы туғанынан бастап 18 жасына дейін сақтандыра аласыз. Сақтандыру сомасы 1 миллион теңгеге дейін болатын қорғаныс 1 жыл бойы, 24 сағат бойынша дүниенің әр түкпірінде қызмет етеді.
«Бауыр етіміз балалар табиғатынан белсенді, әуестенгіш. Дүниені тануға талпынған балапандарымыз жарақаттанып, аяқ-қолдарын сындырып алып жатады. Сондықтан әрбір ата-ананың басты міндеті – баласын жақсы көріп қана қоймай, жарақаттардан қаржылай сақтайтын полис ашу. Балалардың «ойындарының» салдары отбасылық бюджетке едәуір әсер ететіні де мәлім, сондықтан қаржыңызға салмақ түсуі мүмкін болғандықтан балаларыңызды сақтандырғаныңыз абзал. 1 миллион теңгеге дейін сақтандыру төлемін қамтамасыз ететін сақтандыру өнімін жасап шығардық. Барынша ыңғайлы, оңай әрі тез болу үшін бұл полисті кез келген ата-ана HalykLife мобильді қосымшасынан сатып ала алады», дейді «Халық-Life» АҚ төрайымы Жанар Жұбаниязова.
HalykLife мобильді қосымшасын iOS жүйесі үшін - жүктеу, Android үшін – жүктеу.
2005 жылы құрылған «Халық-Life» АҚ – Қазақстанның Халық Банкінің өмір сақтандыру бойынша еншілес компаниясы. Қазақстандағы сақтандыру сыйақыларының көлемі бойынша және «өмір сақтандыру» қаржылық көрсеткіштері тұрғысында көшбасшы саналады. 2006 жылы өмір сақтандыру лицензиясы берілді, 28.12.2022 жылы №2.2.12 сақтандырудың жаңа түрі қосылғаны үшін жаңартылды. Аталған компания «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының» мүшесі.