Фото: polisia.kz
Олар «Qarmet» АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схема арқылы заңсыз әрекеттерін жүзеге асырып келген.
Облыстық полиция департаменті бұл іске күзет қызметінің қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Кәсіпорын мәліметінше, ұйымдасқан топ Qarmet-ке 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.
«Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.