Спорт • 25 Шілде, 2024

Кирилл Герасименконың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы кім

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен ұлттық команданың көшбасшысы Кирилл Герасименконың Париж Олимпиадасындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Кирилл Герасименконың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы кім

Фото: PARIS 2024 телеграм арнасы

Кирилл Герасименко Париждегі Олимпия ойындарының алғашқы сынында чилилік атлет Николас Бургоспен шеберлік байқасады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, спорттың бұл түрінен жарыс 27 шілде күні басталады.

Кирилл Герасименконың 1/32 кезеңдегі алғашқы қарсыласы ITTF әлемдік рейтингінде 58-орында тұр.

Отандасымыз Париж Олимпиадасына Азиядағы спортшылар арасында ең жоғары орынды иеленіп, құрлық рейтингі арқылы лицензия жеңіп алған еді. Ол осыған дейін Рио-2016 және Токио-2020 Олимпиада ойындарына қатысқанын айта кету керек.