Қоғам • 26 Шілде, 2024

Зауыттағы апат: Арнайы комиссия құрылды

51 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өкінішке қарай, Қара­ға­н­дыдағы YDD Corpo­ration жауап­кер­шілігі шек­теулі серік­­тес­­тігінің фер­ро­­қо­рытпа зауы­тын­­­­дағы апаттан қаза болғандар саны төрт адамға жет­­ті. Дене­сі қат­ты күйген екі жұмысшы әлі жан­сақ­тау бөлі­мінде жатыр.

Зауыттағы апат: Арнайы комиссия құрылды

Жайсыз хабар компа­ния­­ның әлеу­меттік желідегі парақ­шасында жария­ланды. Жиырма бес жастағы технолог Ерұлан Қазкен, балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро, бас механик қызметінің шебері Тө­леген Жетпісбаев күйіктің салда­рынан қаза болды.

22 шілде күні зауыттың 30 жастағы жұмысшысы Мұзафар Исмайлов алған жарақатынан қайтыс болған еді. Оның дене­сінің 85 пайызы күйген. Марқұм Бұқар жырау ауданы Үміт­кер ауылына жерленді.

Дәрігерлердің сөзінше, ауру­ханада жатқан екі адам­ның жағдайы ауыр, ал екі жұмы­сы­шының беті бері қарады.

– Профессор Х.Мақа­жа­нов атындағы көпсалалы ауру­хананың комбустиология бөлі­мінде орналасқан Қарағанды ферроқорытпа зауытының зардап шеккен екі жұмыскеріне жалпы жағдайы­ның жақсаруы­на байланысты емдеу режі­мі жеңілдетілгенін хабарлаймыз. Енді пациенттер палатада қозғала алады, жа­қын туыстарының келуіне рұқсат етіледі. Күйік жа­­рақатымен түскен зардап шек­­кендердің екеуінің жағдайы жақ­­саруына бай­ланысты жалпы палата­ларға ауыстырдық. Олар шок күйі­нен шығарылды. Науқастарға күйікке қарсы ша­ра­­ларға ба­ғытталған қосымша терапия жүргі­зіліп жатыр. Екі науқас өте ауыр жағдайда реанимация­да. Олардың өмірі үшін күрес жалғасуда. Қарқынды терапия жүргізілуде, – дей­ді профессор Х.Мақа­жа­нов атындағы көпса­лалы ауру­хананың травма­то­логиялық орталығының бас­шысы Берік Төлеубаев.

Бұған дейін жазға­ны­мыздай YDD Corporation қаза болған қызмет­кер­лерінің жаназа на­мазының барлық шығынын өтеп, отбасына қажетті қолдауды көрсе­теміз деп уәдесін берді. От­­­­ба­сының барлық несие­лерін жауып, тұр­ғын үй жағдайын жақ­сартуға көмек береді. Оны­мен қоса, компания 10 жыл­дық жалақы мөлшерінде қар­жы­лық көмек төлейді.
ҚР Еңбек кодексіне (188-бап­тың 4-тармағы) сәй­кес, ҚР бас мемлекеттік еңбек инспек­торы Төле­ген Оспанқұ­лов­тың төраға­лығымен топтық оқыс оқиғаны тергеу жөнін­дегі рес­пуб­ликалық арнайы комиссия құрылды, он­да оқиғаның себеп­тері анық­талып, кінәлі адам­дар жазаланады.

Комиссия құрамына Қа­раған­ды об­лысының бас мем­лекет­тік еңбек инспек­­торы, Өнер­кәсіптік қауіп­сіздік коми­тетінің аумақтық депар­таментінің өкілі және жұмыс беруші кірді.

Қарағанды облысы