Аймақтар • 26 Шілде, 2024

Абай облысындағы қоңырау үні естілетін тастардың қандай құпиясы бар

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде 2019 жылдан бері Абай облысы Жидебай ауылындағы тастарды ұрғанда қоңырау үні естілетін ерекше тастар түсірілген видео тарап жүр. Көпшіліктің таңданысын тудырған тастардың бұл сыры әлі күнге ашыла қоймаған, деп жазады Egemen.kz.

Абай облысындағы қоңырау үні естілетін тастардың қандай құпиясы бар

АҚШ-тың Пенсильвания штаты мен Ре­сей­дің Карелия республикасында табылған осындай тастарды туристер тамашалау үшін қолайлы жағдай жасалған. 

Тілшіміз Қуат Қиықбай Жидебайдағы тастарға қызығушылар көп болғанмен табан тіреп көруге жағдай жасалмағанына назар аударады.

Ал қоңырау үні естілетін тастардың сырын Абай Құнанбайұлының Жидебайдағы музей-үйі меңгерушісі Айқын Ақболатов былайша болжайды: 

«Бұл тастар Жидебайдан қырық шақы­рым шамасында Жиренше қыс­тауының маңында жатыр. Жиренше «Абай жолы» роман эпопеясында айтылатын ақын­­ның жақын досы, жан серігі болған адам. Елді мекеннің арғы бетінде тау-тасты аймақ болғанымен, дәл осы екі тасты ұрсаңыз сыңғырлаған қоңыраудың үнін шығарады. Біздің жобалауымызша, аталған тастардың құрамында металл көп болғандықтан болар деп ойлаймыз. Бақ дарып, кие қонған Шыңғыстау өлкесінің бұл да бір шешілмеген құпиясы», деді Айқын Берікболұлы.

Автор тасты ұрғанда естілетін сыңғырлаған үннің ғылыми негізін «Сыңғырлаған тастар сыры» мақаласында тарқатып жазған.