Оқиға • 26 Шілде, 2024

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген полицей ерлі-зайыптыларды қағып кетті

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында полиция қызметкері екі адамды қағып кетті,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген полицей ерлі-зайыптыларды қағып кетті

Фото: Ашық дереккөз

Ақтөбе облысының полицейі үйлену тойдан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырып, рульге ие бола алмай, екі адамды қағып кеткен. Салдарынан 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптылар оқиға орнында көз жұмған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға полиция қызметкерінің қатысы барын растады.

«Жол көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жүргізуші қамауға алынды. Қызметтік тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша қызметкердің басшысымен бірге барлығы 7 қызметкер жұмысынан босатылды», деп хабарлады полиция.