Оқиға • 26 Шілде, 2024

Алматы облысында 20 тонна шөп өртенді

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Шалқар ауылындағы жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында 20 тонна шөп өртенді

Фото: ҚР ТЖМ

Өрт сөндірушілер қоймадағы 20 тонна шөп өртенгенін хабарлады.

«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, өрт себебі анықталып жатыр», деп түсіндірді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.