Спорт • 28 Шілде, 2024

Еліміздің гимнастшылары Париж Олимпиадасының финалына өтті

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің гимнастшылары Париж Олимпиадасының финалына өтті

Нариман Курбанов пен Милад Карими турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Курбанов тұтқалы ат снаряды бойынша алтынға таласады. Ол іріктеу кезеңінде 15.000 ұпаймен 6-орын алды.

Карими көпсайыстан және еркін жаттығудан финалға өтті. Милад Кариминің нәтижелері:

көпсайыс – 82.065 ұпай, 18-орын (финалға өтті);
керме жаттығуы – 12.700 ұпай, 50-орын;
еркін жаттығу – 14.433 ұпай, 8-орын (финалға өтті)
шығыршық – 13.000 ұпай, 47-орын;
қоссырық – 14.366 ұпай, 25-орын;
қол тіреп секіру – 14.300 ұпай, 12-орын;
тұтқалы ат жаттығуы – 13.266, 38-орын.
Жекелеген жаттығулар бойынша сегіз гимнаст финалға өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін 27 шілдеде Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдегері атанды.