Оқиға • 29 Шілде, 2024

БҚО-да жүкті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО-да жүкті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жүкті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Ашық дереккөз

Еске сала кетейік, 15 мамырда Жанғалы аудандық ауруханасында үш баланың анасы, 36 жастағы Индира Тәкесова қайтыс болған. Әйел ауруханаға өз бетімен келгенімен, үйіне қайтып тірі оралмаған. Анықталғандай, әйелдің құрсақтағы  баласы да қайтыс болған.

Марқұмның күйеуінің айтуынша, өлімнің себебі әлі белгісіз. Алайда ол әйелінің өліміне адами фактор себеп болғанына сенімді екенін атап өткен.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Индира Такесованың қайтыс болу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 317-бабы бойынша «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті. Сонымен қатар тиісті сараптамалар тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025