Спорт • Бүгін, 14:35

Ескек есуден отандасымыз «Е» тобының финалына шықты

39 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел спортшысы Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында академиялық ескек есуден E/F1 тобының жартылай финалында мәре сызығын бірінші болып кесті, деп жазады Egemen.kz.

Ескек есуден отандасымыз «Е» тобының финалына шықты

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ол жарыс жолын 7 минут, 26.20 секундта бағындырды. Енді ол Е тобының финалында жарысады.

Айта кетейік, бұл кезеңге қатысатын ескек есу шеберлері жүлдеге таласпайды. Е және F тобында ширек және жартылай финалға шыға алмаған спортшылар ішінде орын үлестіріледі.