Спорт • 29 Шілде, 2024

Париж-2024: Данияр Шамшаевтың алғашқы белдесуі сәтсіз аяқталды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 29 шілдеде Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошысы Данияр Шамшаев алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж-2024: Данияр Шамшаевтың алғашқы белдесуі сәтсіз аяқталды

Фото: Kazinform

Айта кетейік, 22 жастағы Данияр Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуінде Өзбекстан өкілі Муроджон Юлдошевтан ұтылып қалды.

Бұған дейін отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев биылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған еді.

Еске салайық, дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Олимпиаданың алтын жүлдесіне қол жеткізген еді.