фото: kazlenta.kz
«Батыс антициклонның әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығыс тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», деп хабарлады синоптиктер.
Батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі уақытта аптап ыстық сақталады.
Сонымен қатар мамандар 1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41° дейін аптап ыстық болатынын ескертті.