Елорда • 29 Шілде, 2024

Астанада эко жүгіру фестивалі өтті

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада эко жүгіру фестивалі өтті

Фото: gov.kz

«Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен Триатлон саябағында BAYTAQ RUN FEST атты эко жүгіру фестивалі өтіп, әр қатысушы 5 шақырымды бағындырды.

Айта кетсек, аталған фестиваль Астанада екінші мәрте ұйымдастырылды. Бір ай бұрын Ботаникалық саябақта өткен жарысқа 100-ден астам адам қатысса, осы жолғы жарыста олардың саны 210 адамды құраған.

«Біздің жүгірісіміздің басты ерекшелігі – ешқандай жарна төлеудің қажеттілігі жоқ. Әр қатысушы жүгіріп қана қоймай, естелік медальдармен марапатталып,  лотерея арқылы сыйлықтар ұтып алды. Мектеп оқушысынан бастап, зейнеткер ата-әжелеріміз де қатысты. Бұнымен тоқтамаймыз, әр айда тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарымызда бар», дейді жобаның ұйымдастырушысы Әлішер Күзекбаев.

Іс-шараның мақсаты – қоршаған айналаны таза ұстап, салауатты өмір салтын насихаттау. Ал аталған идея кезекті рет демалыс күні жүзеге асырылды.