Спорт • 30 Шілде, 2024

Әбиба Әбужақынова Олимпиада жүлдесін алмай, спортпен қоштаспайтынын мәлімдеді

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алғашқы күні дзюдодан әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Әбиба Әбужақынова жүлдеге қол жеткізе алмаған болатын, деп жазады Egemen.kz.

Әбиба Әбужақынова Олимпиада жүлдесін алмай, спортпен қоштаспайтынын мәлімдеді

Кazinform.kz хабарлағандай, жарыстан шыққан бетте Қазақстан тілшілеріне ел үмітін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрап, ағыл-тегіл көз жасына ерік берген еді. Бүгін Әбужақынованың жеке бапкері Нұрбол Сүлейменов алғаш рет шәкіртінің қазіргі көңіл-күйі қалай екенін айтып берді.

«Жеңіліп қалғаннан кейін бір күнге дейін ешкіммен сөйлескен жоқ. Жылай берді. Мен де ештеңе айтпадым, сөйлеспедім. Ондай кезде бірдеңе айтудың өзі артық. Ертеңіне ашуы басылып, өз-өзіне келгеннен кейін ғана сөйлестім. Қазір көңіл-күйі дұрысталып қалды», деді бас бапкер.

Сонымен қатар Әбиба Әбужақынованың осыған дейінгі ешкімге айтпаған құпия жоспарын да айтып қалды.

«Әбибаның өзінің осыған дейін ешкімге айтпай келе жатқан жоспары болған. «Егер осы Парижде жүлдеге қол жеткізіп, чемпион болсам, спорттық мансабымды аяқтаймын» деген. Өкінішке қарай, ол жоспары орындалмады. Енді бүгін сөйлессем, «аға, мен бәрібір, Олимпиада жүлдесін алмай спортпен қоштаспаймын» деді. Негізі Әбиба өте намысшыл қыз. Қайсар қыз», деді оның жеке бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Естеріңізде болса Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындарын 5-орынмен аяқтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше