Райымбек ауданы таулы, нулы аймақ. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі мен өрт сөндіру бекеттері ауадай қажет. Жалпы, облыста мамандандырылған бөлімшелермен қатар, сала мамандарына да сұраныс жоғары. Тапшылық бар. Алматы облысында 474 төтенше жағдайлар қызметкері жұмыс істейді. Ал қажеттілік мыңнан асады. Нарынқолдағы өрт сөндіру бөлімінің ашылуында облыс басшысы осындай статистиканы атап өтті. Екі еселік жүктемемен қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді.
«Еліміздің 80 пайыз аумағында табиғи өрттің қауіптілігі жоғары. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ең бірінші кезекте тұрған мәселе. Әрі баршамызға ортақ. Шыны керек, республикада дәл осындай 121 депо қажет. Ал Алматы облысына 18 нысан салуымыз керек. Алматы облысы әкімдігі мен аппараты бұл іске әрі қарай да қолдау көрсететініне сенеміз», деген Төтенше жағдайлар министрлігінің комитет төрағасы Рамиль Камалов бөлімшелердің ашылуына ықпал еткен облыс басшылығына ризашылығын жеткізді.
Жаңа ашылған нысан 288 млн теңгеге салынып, жасақталған. Мұнда өрт сөндіруші мамандарға қажеттің бәрі бар. Су жаңа нысанда 17 қызметкер еңбек етеді.
Алматы облысы