Саясат • 30 Шілде, 2024

Отандық ғылымның көкжиегі

65 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закариямен кездесті. Жүздесу барысында еліміздің ғылым саласын дамыту, ғылым мен инновация жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, ғылым қызметкерлерін қолдау және ынталандыру шаралары, кадр даярлау секілді бірқатар өзекті мәселе талқыланды.

Отандық ғылымның көкжиегі

фото: senate.parlam.kz

Кездесуде Нұртөре Жүсіп Сенат депутаттары отандық ғылымды дамытуға әрқашан баса назар аударып отырғанын атап өтті. Ол Парламент қабыл­даған заңдар мен сессия барысында ғылымның дамуына және еліміздегі инновациялық прогреске әсер ететін мәселелерді шешу шараларына кеңесшінің назарын аударды.

–  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымды дамыту мәселесіне ерекше назар аударып отыр­ғаны баршаға белгілі. Ғылым және технология жөніндегі сәуір айында өткен ұлттық кеңесте сөйлеген сөзінде ғы­лым­ның тетіктері мен мүм­кіндіктерін техногендік және табиғи апаттарды болжауға, климаттың өзгеруіне қарсы күреске тарту керек екенін атап өткен болатын. Өйткені жылдар бойы төтенше жағ­дайдың алдын алуда көп­теген проблема жүйе­сі қордаланып қалған. Пре­зи­дент энергетикалық іркіліс­тер мен эпидемияларды, құр­ғақшылықты болжау және алдын алу міндеттерінің маңызына да тоқталды. Мем­лекет басшысының барлық тапсырмасын сапалы орындау мақсатында Парламент пен Үкіметпен қоса барлық билік органдары осы бағытта үйлестірілген және кешенді жұмыс жүргізуге тиіс деп санаймыз, – деді Нұртөре Жүсіп.

Өз кезегінде Күнсұлу Зака­рия күн тәртібіндегі маңы­зды мәселелер талқы­лан­ған осы кез­десуді ұйым­дас­тыр­ғаны үшін сенаторға алғы­сын біл­дір­ді. Сондай-ақ Пар­ламент қа­­­был­даған заңдар мен жалпы ғы­лым­ды дамытуға бағытталған шара­лардың маңызына тоқталды.

– Парламент – басты мін­деті еліміздің өміріне қажетті аса маңызды құжаттарды қа­был­дайтын мемлекеттік инс­титут болды және солай болып қала береді. Парламент пен оның депутаттары қазіргі уақытта «Әділетті Қазақстанды» құру­дағы маңызды құрамдас бөліктің бірі болып саналады. Оның негізгі құндылығы – заң үстемдігі мен халықтың әл-ауқаты болып табылады, – деді Күнсұлу Закария.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше