Тұлға • Бүгін, 12:52

Олимпиада чемпионы әке атанды

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан спорт тарихында жүзуден Олимпиаданың жалғыз чемпионы Дмитрий Баландин балалы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиада чемпионы әке атанды

Фото: b1rinshibol

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазған. 28 шілдеде дүниеге келген қыз баласына Оливия деген есім қойған.

Баландин Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы.

Төрт жыл сайын өтетін басты спорт додасының бірінде, нақты айтқанда 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған еді.

Ол 2022 жылы спорттағы мансабын аяқтаған, сол жылы отбасын құрды.