Фото: gov.kz
«Таза Астана» жобасы шеңберінде қатысушылар үйлердің тізімдерін қалыптастырды, олардың әрқайсысына басқару органы (МИБ/УК/ПИК/ЖШС) қызмет көрсетеді, аулалардың ішінде олардың жалданған сервистік ұйымдары немесе аудан әкімдіктерінен мердігерлік ұйымдар жұмыс істейді. Әр аумаққа учаске шеберлері немесе диспетчерлер бекітіледі.
Арнайы құрылған комиссия тоқсан сайын «Ең таза аула», «Ең үздік кәсіпорын», «Ең үздік мекеме» атақтарын белгілейді.
Комиссия құрамына Астана қоғамдық кеңесінің өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, «Атамекен» ӨКП салалық кеңестерінің, салалық қауымдастықтардың, мүгедектер, ардагерлер қоғамдарының бірлестіктерінің өкілдері, экологтар және т.б. кіреді.
Учаскелердің қызмет көрсететін аумақтары бойынша қолда бар барлық ақпарат қолданыстағы birge.astana.kz платформасында тестілік режимде тамыз айының соңында жария түрде қолжетімді болады.