Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Бұл жетістік IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру және ҰБТ нәтижесін есепке алу арқасында мүмкін болды.
«Айым Ержанованы ерекше жетістігімен құттықтаймын. Бұл - қажырлы еңбек пен білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Сіздің жетістігіңіз барлығымызды шабыттандырады және жас таланттардың халықаралық аренада үлкен биіктерге жетуге қабілетті екенін көрсетеді. Сізге оқуда және болашақ мансапта одан әрі табыс тілеймін!», деді министр.
Министрмен кездесуге Айымның жақындары да келді, олар ҰБТ нәтижесін білгенде қатты қуанғанын және үміттері ақталғанын айтты.