![Конго мен Өзбекстан Президенттері Қазақстанға ресми сапармен келеді](/media/2024/07/31/2022_09_20_1650633197_dsc_5545_2.jpg)
Фото: Ақорда
2-3 тамыз күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.
7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады.
Сондай-ақ 9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.