Бокс • 31 Шілде, 2024

Бақыт Сәрсекбаев бокстан ерлер құрамасын сынға алды

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесулерінде ерлер сапынан үш боксшы алғашқы айналымда-ақ жеңілді. Олар: 71 келіде Асланбек Шымбергенов, +92 келі салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев және 57 келіде Махмұд Сабырхан. Осы сәтсіздікке қатысты 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадада 69 келіде чемпион атанып, алтын медаль тағынған Бақыт Сәрсекбаев пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Бақыт Сәрсекбаев бокстан ерлер құрамасын сынға алды

Фото: qazaquni.kz

Бақыт Сәрсекбаев ел үміт артқан боксшылардың бірінші кездесуден аса алмағанын сынға алды. Ол осы мәселеге қатысты ойын Фейсбук парақшасында жариялады.

«Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта дем алыстары қиындап, әрең жүр рингте. Соққылары аз. Соққылар комбинациясы тіпті аз. 3 минутта қанша соққы жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр? Тұтас ғылыми топ қайда? Неге біздің боксшылардың демі жетпей жүр? Үш раунд аяқта тұра алмайды. Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің? Бірінші бәсекеден өте алмады деген не сұмдық? Бір сұрақ: әрбір боксшы лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Тәжірибе бар ма? Мысалы, мен жарты жылда 22 жекпе-жек өткіздім.
Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті...», деп жазды Б.Сәрсекбаев.

Еске салайық,  Б. Сәрсекбаев 2008 жылы өткен төртжылдықтың басты бәсекесінің финалында кубалық азулы қарсылас Карлос Бантер Суарресті 18:9 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді. 
Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30