Фото: polisia.kz
Полицияның мәліметінше, қылмыс болған жерді мұқият тексеру кезінде сот-медициналық сараптаманың маманы айғақтарды тауып, тәркілеген. Олар сот-медициналық сараптама материалдарын қолдану арқылы тексергенде дерекқорда бар адамның деректерімен сәйкел келетін адамды анықтаған.
«Ол марқұмның қасында тұратын Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», деді ведомство өкілдері.