Қоғам • Бүгін, 17:30

Қазақстан халқының саны туралы деректер жаңартылды

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы осы жылдың 1 шілдесіндегі есеп бойынша Қазақстан халқының саны туралы жаңа мәлімет жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан халқының саны туралы деректер жаңартылды

Фото:qazaqstan.tv

Қазақстан халқының саны - 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637 адам, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.

Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артқан. Табиғи өсім есебінен 118 579 адамға көбейсек, көші-қон есебінен 7 289 адам қосылған.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент қалаларында тіркелген. Сәйкесінше, статистика 2,93% бен 1,38% пайызды көрсеткен. Ал үшінші орындағы Алматы қаласында өсу қарқыны - 1,33%.