Мәлімдеме 2024 жылғы 1 тамызда департаменттің Telegram-арнасына жарияланды.
- Мәдениет және ақпарат министрлігі қазір Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды. Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады, – делінген хабарламада.
Бұл ретте Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмнің» президенті қызметінен кеткені бір күн бұрын, яғни 31 шілдеде белгілі болды.
Еске сала кетсек, ол «Қазақфильм» АҚ-тың президенті болып 2023 жылғы 28 шілдеде тағайындалған болатын.