Олимпиада • Бүгін, 11:32

Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов кездесуін қайдан көруге болады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін бокс бәсекелерінде ерлер құрамасынан Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шықса, әйелдер сапынан Карина Ибрагимова бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов кездесуін қайдан көруге болады

Фото: Olympics.kz/Тұрар Қазанғапов

Сағат 20:22-де алдымен 80 келіде Нұрбек Оралбай рингке көтеріледі. Оның қарсыласы − әзербайжандық Мурад Аллахвердиев. Жекпе-жекті «Ел арнадан» тікелей эфирде тамашалауға болады. 

57 келіде Карина Ибрагимова ел намысын қорғайды. Отандасымыз 1/8 финалда пуэрто-риколық Ашлиян Лозада Моттаға қарсы шығады. Карина Ибрагимованың жұдырықтасуын «Хабар» арнасы 23:32-де тікелей эфирде ұсынады.

Ал 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматовтың жекпе-жегі 00: 20-да басталады деп жоспарланған. Қазақ-өзбек боксшыларының текетіресін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.