Қоғам • 02 Тамыз, 2024

Ақмола облысында заңсыз жұмыс істеген мигранттар анықталды

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 шілде мен 2 тамыз аралығында Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтауға бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында заңсыз жұмыс істеген мигранттар анықталды

Фото: kadry.mcfr.kz

Көші-қон қызметі қызметкерлерінен басқа, ЖПІШ-ге учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылған. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында базарларда, құрылыс объектілерінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында тексерулер жүзеге асырылады.

Соның нәтижесінде ЖШС-нің бірінде Ерейментау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ 5 шетелдік азаматты анықтады.

Жұмысқа рұқсатты бұзушылардың айтуынша, олар кейінірек рәсімдемек болған. Қазіргі уақытта жиналған материалдар әкімшілік сотқа берілді. Құқық бұзушыларға айыппұл салынады.

Сондай-ақ шетелдіктерді тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметіне тыйым салынғанын еске салады.