Фото: Туризм және спорт министрлігі
Нұрбек Оралбай осы жекпе-жегінен кейін отандық БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат берді. Боксшымыз өз сөзінде Париж төріне алтын еншілеу үшін келгенін нықтап айтты.
«Жекпе -жек ойдағыдай өтті. Ағайлардың тактикасымен жеңіске жеттік. Мұнымен тоқтамаймыз. Париж олимпиадасына алтын үшін келдік. Өз ойым, командадағы басқа жігіттер қарсыласынан емес төрешілерден жеңілді. Бұл бізге мотивация береді. Доминикандықтың жекпе-жектерін әлі көрмедік. Демалғаннан кейін ағайлармен бірге қарап, тактика құрамыз. Ойдағыдай өтеді деп ойлаймыз», деді Нұрбек Оралбай.