Ауа райы • 04 Тамыз, 2024

Дауыл соғып, бұршақ жауады. Бүгін Қазгидромет ескерту жасады

408 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазгидромет 4 тамызда Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дауыл соғып, бұршақ жауады. Бүгін Қазгидромет ескерту жасады

Ұлытау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні кей уақыттарда 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңлтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.