Спорт • Бүгін, 11:18

Нариман Құрбанов Олимпиададағы тарихи медальі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Нариман Құрбановтың қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нариман Құрбанов Олимпиададағы тарихи медальі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Заңға сәйкес олимпиаданың күміс жүлдегеріне 150 мың доллар беріледі (71 миллион теңгеден аса). Ал алтын жүлдегерге 250 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар тағайындалады.

Сонымен қатар 4, 5 және 6-орындар үшін 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов “Париж 2024” Олимпиадасының күміс жүлдесін жеңіп алған еді. Бірінші орынды ирландиялық Рис МакЛенаган 15,533 ұпаймен алды. Ал үшінші орында АҚШ-тан келген Стивен Недорощик 15,300 ұпаймен иеленді.