Спорт • 04 Тамыз, 2024

Париж-2024: Қазақстан медальдар есебінде нешінші орында тұр?

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Париж Олимпиадасының сегізінші жарыс күнінде күміс медаль алғанына қарамастан, медальдар есебінде төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж-2024: Қазақстан медальдар есебінде нешінші орында тұр?

Кешегі жарыс күнін ұлттық команда 25-орында бастаған. Артынша Нариман Құрбанов күміс медаль иеленген еді. Қазақстан медальдар есебінде бір сатыға төмендеді. Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен 26-орында. Бұл орынды Оңтүстік Африкамен бөлісіп тұр.

Қытай медальдар есебінде көш басындағы орнын ұстап тұр – 16 алтын, 12 күміс және тоғыз қола медаль. АҚШ (14-24-23) екінші орынға көтерілді. Ал Франция (12-14-15) үшінші орынға түсті.

Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бір алтын мен екі қола медаль бар, олар 29-орында тұр. Ал Қырғызстан мен Түрікменстан әзірше жүлде еншілей алмады.