Фото: gov.kz
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 8,9 трлн теңге түсті. Сонымен бірге Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтірудің заманауи институтын құру бойынша белсенді жұмыс істеді. Жаңа заңды енгізудің нәтижесінде 43 млрд теңге сомасына берешегі бар 13 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде 1 млн-нан астам есеп келіп түсті, оның барысында бизнес-құрылымдар «кіру» декларациясын тапсырады. Сондай-ақ экспорттық-импорттық операциялар бойынша валюталық бақылау функциясының бір бөлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне берілді. Бірінші жартыжылдықта орындалмаған міндеттемелер мәселелерін одан әрі тергеу үшін құқық қорғау органдарына $3,3 млрд сомасына 335 материал берілді.